Бастама Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамның барлық салаларын автоматтандыру туралы 2017-2018 жылдардағы жолдауларынан кейін туындады. Министрлік сот сарапшысы қызметін автматтандыру үшін «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесін әзірледі. Бұдан былай, сот сарапшылары материалдары қабылдауды, сараптамалық қорытынды әзірлеу және жолдауды, барлық қажетті процессуалдық іс-әрекеттерді электрондық форматта жүргізетін болады. Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсаты қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалану, сараптама жүргізу кезінде қажетті криминалистикалық маңызды ақпараттарды жүйелеуге және қағаз түріндегі құжат айналымынан бас тартуға бағытталған. Сонымен қатар, ақпараттық жүйені қолдану сот сараптамасын тағайындайтын органдармен өзара қарым-қатынасты жеделдетеді. Әзірленген жүйе барлық тексеру сатыларынан өтіп, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай деп танылды. Ол Жоғарғы соттың «Төрелік» және Бас прокуратураның «Е-қылмыстық іс» ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жүйе еліміздің барлық аймақтарында сынамалы түрде іске қосылған.
Бұл туралы толығырақ біздің сарапшылар Хабар 24 арнасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында баяндап берді (https://24.kz/kz/telepoject/tsifrlyk-kazakhstan).