2021 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы Директоратының отырысы өтті.
Директоратта 2021 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды және 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған басым міндеттер белгіленді.
Жұмысқа Министрліктің сараптама қызметін ұйымдастыру Департаментінің, республикалық сот сарапшылары палатасының өкілдері, Орталық басшылығы, аумақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.