Қазақстан Республикасына арналған CADAP бағдарламасының техникалық комитетінің отырысы өткізілді

2022 жылғы 25 ақпанда Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасына арналған CADAP бағдарламасының техникалық комитетінің отырысына қатысты.

Отырыс жұмысына Сыртқы істер, Ішкі істер, әділет және денсаулық сақтау министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Cadap 7 бағдарламасының жетекшісі Эрнест Робелло ұлттық серіктестердің қажеттіліктерін бағалау нәтижелері бойынша баяндама жасады, сондай-ақ Бағдарламаның негізгі мақсаттарын іске асыру үшін қорытындылар мен ұсыныстарды айтты.

Қатысушылар жаңа психобелсенді заттардың таралуына қарсы іс-қимыл мәселесінің өзектілігін атап өтті, осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыты жаңа психобелсенді заттарға сұранысты азайту және олардың заңсыз таралуына қарсы іс-қимыл болып айқындалды.

Отырысқа қатысушы ведомстволардың өкілдері бағдарламаның негізгі мақсаттарын, стратегиялық жоспарларын және оларды іске асырудың негізгі іс-шараларын қолдады.

 

Жаңалықтар
14.12.2022
Астана қаласында Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
14 желтоқсан күні сағат 12.00-де ҚР Әділет министрі Қ.С.Мусин, ІІМ Ахметжанов Марат Мұратұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Сыбайла...
10.11.2022
БҰҰ өңірлік бағдарламасы аясында жұмыс тобының отырысы өтті
Астана қаласында 2022 жылғы 8-9 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) өкілдері Ауғанстан...
19.10.2022
2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ. С. Мусин сот-медициналық, психиатриялық, наркологиялық сараптамалардың проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Кеңеске Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің, Сот сараптамалары орталығының, Астана қаласы бойы...
07.10.2022
Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ішкі істер министрлігімен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптамалары орталығының басшылығы ішкі іст...
30.09.2022
Қазақстан Республикасы ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗДІ
Әділет органдарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Әділет министрі  Қанат Сергейұлы Мусин әділет министрлігі мен ведомство...
26.09.2022
«Әділдік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, онла...
12.09.2022
Жеңілдетілген рәсім бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қарау тәртібі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 63-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш ауызша нысанда да, жазб...
25.08.2022
Сот сарапшылары Жапония делегациясымен кездесу өткізді
2022 жылғы 25 тамызда Жапония Елшілігінде Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әл-ауқат министрлігінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу...
26.07.2022
Сот сарапшылары халықаралық семинарға қатысты
Ағымдағы жылдың шілде айында Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) "заңсыз синтетикалық есірткі және өндіріс әдістері...