Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру Аумақтық бөлімшелер жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мәселен, Түркістан облысы бойынша сот сараптамалары институтында 27 сараптамалық мамандық бойынша сот сараптамаларының 17 түрі жүргізіледі.Ағымдағы жылдың наурыз айында спирт бар сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу, жарылыстардың мән-жайларын сот-сараптамалық зерттеу бойынша Институт мамандары сараптамалардың жаңа түрлеріне рұқсат алды. Сараптамалардың көрсетілген түрлері бүгінгі күні сұранысқа ие болып табылады, ал жаңа сарапшылардың рұқсат алуы жүктемені едәуір азайтады және тұтастай алғанда сараптамалардың сапасын арттырады.