Сот сараптамалары орталығы қайырымдылық акциясын өткізді

"Әз Наурыз" мерекесі қарсаңында ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы "Қайырымды ұлт" іс-шарасы аясында Нұр-сұлтан қаласының кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығында "Шанс" қайырымдылық акциясын өткізді.

Аталған орталық тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және қандай да бір мән-жайлар бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді.

Сот-медициналық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы А. Т. Бабыкпаеваның басшылығымен сот сараптамасы орталығының өкілдері "Шанс"орталығының еріктілерімен және қызметкерлерімен кездесті.

Қайырымдылық көмек ретінде қажетті керек-жарақтар әкелінді: жеке гигиена заттары, ыдыс-аяқ, тұрмыстық химия және  т. б.

Кездесу жылы және достық жағдайда өтті, әлеуметтік ұйым қызметкерлері өз проблемалары мен болашаққа жоспарларымен бөлісті, өз қамқорлығындағы балалардың өмірі мен тағдырлары, олардың табыстары мен жетістіктері туралы айтты.

Сот сараптамалары орталығы қажет болған жағдайда "Шанс" орталығының қамқорлығындағы адамдарды психологиялық оңалтуды жүргізу кезінде, сондай-ақ осы адамдарға қатысты сот сараптамалары тағайындалған жағдайларда консультациялық көмек көрсететін болады.

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
14.12.2022
Астана қаласында Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
14 желтоқсан күні сағат 12.00-де ҚР Әділет министрі Қ.С.Мусин, ІІМ Ахметжанов Марат Мұратұлы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Берікұлы, Сыбайла...
10.11.2022
БҰҰ өңірлік бағдарламасы аясында жұмыс тобының отырысы өтті
Астана қаласында 2022 жылғы 8-9 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) өкілдері Ауғанстан...
19.10.2022
2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ. С. Мусин сот-медициналық, психиатриялық, наркологиялық сараптамалардың проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Кеңеске Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің, Сот сараптамалары орталығының, Астана қаласы бойы...
07.10.2022
Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ішкі істер министрлігімен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптамалары орталығының басшылығы ішкі іст...
30.09.2022
Қазақстан Республикасы ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗДІ
Әділет органдарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Әділет министрі  Қанат Сергейұлы Мусин әділет министрлігі мен ведомство...
26.09.2022
«Әділдік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді
2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, онла...
12.09.2022
Жеңілдетілген рәсім бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қарау тәртібі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 63-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш ауызша нысанда да, жазб...
25.08.2022
Сот сарапшылары Жапония делегациясымен кездесу өткізді
2022 жылғы 25 тамызда Жапония Елшілігінде Жапонияның Денсаулық сақтау, Еңбек және әл-ауқат министрлігінің делегациясымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу...
26.07.2022
Сот сарапшылары халықаралық семинарға қатысты
Ағымдағы жылдың шілде айында Будапешттегі халықаралық құқық қорғау органдары академиясы (ILEA) "заңсыз синтетикалық есірткі және өндіріс әдістері...