Солтүстік қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институты жас кадрларды сарапшылық ортаға тарту бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ССИ директорының орынбасары М. Чипошин және сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптама бөлімінің меңгерушісі А.Калиева " М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді.
Сот сарапшылары "жалпы медицина", "химия", "биология" білім беру бағдарламаларының студенттері алдында баяндама жасады. Болашақ түлектерге сот сарапшысы мамандығы, жүргізілетін сараптамалардың түрлері, жас мамандардың перспективалары және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Бұл кездесу студенттерге пайдалы болады және олар дұрыс таңдау жасап, жас сарапшылардың қатарын толықтырады деп үміттенеміз.