8 сәуірде Сот сараптамалары орталығының аппаратына, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласы бойынша сот сараптамалары институтына Дүниежүзілік банк өкілдерінің сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасын іске асырудың аяқталғаны туралы есепті дайындау бойынша жұмыс сапары өтті.
Жұмыс тобы сапар барысында биологиялық(медициналық) және молекулярлық-генетикалық зерттеулер зертханасында болды.
Іс-шараға қатысушылар Дүниежүзілік банк жобасы шеңберінде берілген ұсынымдардың тиімділігі, сондай-ақ сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу процесінде олардың нәтижелілігі мәселелерін талқылады.