Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 11 ақпандағы №31н бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында. күні Орталық қызметкерлері орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу –міндет» тақырыбында семинарлар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – студенттердің бойында әділдік, адалдық, инабаттылық қасиеттерін сіңіру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және дамыту.
2022 жылдың 23 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сот сараптамалары институтының Бейнефонографиялық сараптама бөлімінің басшысы Бекмағамбетова Айнагүл Түкенқызы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ҚДСБ ШЖҚ "Astana polytechnic" жоғары колледжі" студенттерімен сот-сараптама қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған кездесу аясында "Контрафакт деген не?» тақырыбында дәріс оқыды .
2022 жылдың 27 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы Сот сараптамалары институты директорының сот сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары Дүйсенбаев Олжас Уразбайұлы М.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында орыс тілінде 75 минуттық дәріс оқыды. Студенттер дәріске дейін Сыбайлас жемқорлық анықтамасы мен оның заңнамалық реттелуі бойынша білім алған болатын, осыған байланысты практикалық деректер мен нақты проблемалардың ашылуы олардың аталған тақырыпта білімдерін күшейтетініне кәміл сенеміз.
02.06.2022 Сараптама қызметін стратегиялық жоспарлау, бақылау және үйлестіру департаменті Сот сараптамаларының сапасын бақылау бөлімінің басшысы Манап Дархан Тәңірбергенұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледжінде" ҚДСБ ШЖҚ семинар өткізіп, студенттер сыбайлас жемқорлық аясында құқық бұзушылықтардан туындайтын құқықтық жауапкершілікпен таныстырды.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК қызметкерлерінің семинар өткізіп, дәріс оқу түріндегі ақпарат берудің мұндай түрін таңдауы кездейсоқ емес. Студенттік аудиторияда дәріс оқу кез келген ғылым саласын оқыту мен зерттеудің ірге тасы мен негізі болып қала бермек. Дәріс берушінің тірі сөзі - студентке сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандары мен көріністерін жасағаны үшін жауапкершілік туралы ақпаратты жақсы жеткізе алатын, оның бойында оған деген саналы ымырасыздықты оятып, осы мәселеге қатысты берік азаматтық ұстанымды қалыптастырады.