2022 жылғы 7 маусымда Азия Cот сараптамасы қоғамдастығының (AFSN) тыйым салынған есірткі және токсикология жөніндегі жұмыс тобының онлайн кездесуі өтті.
Жұмыс барысында Аналитикалық токсикология зертханасының, сондай-ақ Сингапур Денсаулық сақтау басқармасы фармацевтикалық зертханасының өкілдері, Малайзия Химия департаментінің ғылыми кеңесшісі және ҚХР Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі Сот сараптамалары институтының ғылыми қызметкері таныстырылымдар өткізді. Таныстырылымдарда зерттеуге келіп түсетін объектілердің әр түрлері, каннабиноидтарды зерттеу саласындағы ағымдағы жағдай, объектілерді талдау кезінде сот сарапшылары мен ғалымдарда туындайтын проблемалық мәселелер туралы ақпараттар ұсынылған.
Вебинар Азиялық Сот сараптамасы қоғамдастығы жұмыс тобының онлайн-кездесулерінің бірі болып табылады және сот-сараптамалық және токсикологиялық зертханалардың жұмысына көмек көрсету үшін өткізіледі.