«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Қазақстандағы сот сараптамасының мемлекеттік жүйесін құрайды.
«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылығы 3 ақпандағы № 34 қаулысына сәйкес Орталық Сот сараптамасы және Сот медицина орталықтарын біріктіру жолымен қайта құрылды.
Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасы өндірісін қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда Орталық жанында ірі қалалар мен барлық облыс орталықтарында орналасқан 19 Сот сараптамасы институттары жұмыс істейді (осы жерден қараңыз «Аумақтық бөлімшелер»), оларда 2800-ге жуық қызметкер, оның ішінде 1000-нан астам жоғары білікті сот сарапшылары қызмет етеді.
Филиалдарда криминалисталық, арнайы, химиялық және медициналық салалардағы сараптамалық мамандықтардың 57 бағыты бойынша сот сараптамасының 30 түрі жүргізіледі (осы жерден қараңыз «Жүргізілетің сараптамалар турлері»).
Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері келіп түскен кезде сот сараптамасы органындарында шарттық негізде 57 түрлі зерттеулер жүргізіледі, бұл ретте сарапшылар маман ретінде қатысады (осы жерден қараңыз «Ақылы қызметтер»).
Сондай-ақ, Орталық жанында Сот сараптамаларының ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді, оның негізгі қызметі сот сараптамаларын жүргізу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сот-сараптама кадрларын кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады (осы жерден қараңыз «Аумақтық бөлімшелер»).