Жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығының өкілдері есірткіге қарсы күрес бойынша сараптамалық кездесуге қатысты

2024 жылдың 11-12 сәуірінде Астана қаласында Бас прокуратура мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері ұйымдастырған химиялық прекурсорлар мен синтетикалық есірткілерді бақылау жөніндегі Таргетинг орталығын құру бойынша сараптамалық кездесу өтті. Кездесуде қатысушыларға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың химиялық прекурсорлардың заңсыз айналымын бақылау саласындағы құнды тәжірибесі ұсынылды. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы ведомстволары өкілдерінің химиялық прекурсорлар мен синтетикалық есірткілерді бақылау жөніндегі ұлттық орталықтың қандай талаптарға жауап беруі тиіс екендігі туралы пікір алмасты. Осы идеяны зерделеу мен іске асыру үшін жол картасын әзірлеу бойынша сессиялар ұйымдастырылды.
Аталған сараптамалық кездесу есірткі мен химиялық прекурсорлардың заңсыз айналымын тиімді бақылау үшін стратегиялар мен серіктестіктерді дамытудағы маңызды кезең болды.

Back to top button