Аккредиттеу

Заң үстемділігі қағидасын жүзеге асыру, сот-сараптамалық қызметті халықаралық тәжірибемен үйлестіру, сот сараптамасының нәтижелерін халықаралық соттарда мойындату тұрғысында сараптамалық өндіріс сапасын халықаралық деңгейге дейін көтеру маңызды мәселе болып табылады.

Аккредиттеу халықаралық тәжірибеде қызмет пен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қоғамдық сенімділікті қамтамасыз етудің мойындалған тетігі болып саналады.

Сот-сараптамалық зертханаларды халықаралық деңгейде үйлестірілген қағиадалар және ережелер негізінде аккредиттеу – өзара сенімділік атмосфераны қалыптастырудың маңызды сатысы. Сот сараптамасы саласындағы халықаралық аккредиттеудің басты мақсаты отандық сот сарапшыларының қорытындыларының халықаралық деңгейде мойындалуын олардың біліктілігін растау жолымен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстандық сот сараптамасыны үлгісінің заманауи сатыдағы дамуында сот-сараптамалық зертханаларды аккредиттеу сараптама өндірісінің сапасын тұрақты түрде жақсартуды қамтамасыз етудің үдемелі құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда Орталықтың аумақтық бөлімшелері ИСО/ХЭК 17025 «Сынақ және калибрлік зертханалар біліктілігінің жалпы талаптары» стандартына сәйкес келесі бағыттар бойынша аккредиттелген:

Алматы қ. бойынша ССИ: спирт құрамды сұйықтықтарды зерттеу (коньяк, этил спирті, арақ), баллистикалық зерттеу (азаматтық, қызметтік, атыс қаруы және оған арналған патрондар мен патрон жарақтарының құрамдас бөліктері), бейнефонографиялық зерттеу  (сөйлеу материалы: пайдалы сигналдың динамикалық диапазоны, ұзақтығы), құжаттарды техникалық зерттеу (мөрлер мен мөртаңбалардың баспа таңбалары, қағаз және картон);

Нұр-Сұлтан қ. бойынша ССИ: спирт құрамды сұйықтықтарды зерттеу (коньяк, этил спирті, арақ), баллистикалық зерттеу (азаматтық, қызметтік, атыс, спорттық, аңшылық, өзін-өзі қорғау, қол атыс және суық қару және оған арналған патрондар мен патрон жарақтарының құрамдас бөліктері), бейнефонографиялық зерттеу (сөйлеу материалы: жазба сапасы, пайдалы сигналдың динамикалық диапазоны, ұзақтығы); құжаттарды техникалық зерттеу (мөрлердің баспа таңбалары, картон); жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу;

ШҚО бойынша ССИ: баллистикалық зерттеу (азаматтық, қызметтік, атыс, спорттық, аңшылық, өзін-өзі қорғау, қол атыс және суық қару және оған арналған патрондар мен патрон жарақтарының құрамдас бөліктері);

Ақтөбе Өңіраралық сот сараптамалары орталығы: құжаттарды техникалық зерттеу (қағаз және картон), баллистикалық зерттеу (азаматтық, қызметтік, атыс, спорттық, аңшылық, өзін-өзі қорғау, қол атыс және суық қару және оған арналған патрондар мен патрон жарақтарының құрамдас бөліктері),  бейнефонографиялық зерттеу  (өлшемді сипаттамаларын зерттеу: жазба сапасы, пайдалы сигналдың динамикалық диапазоны, ұзақтығы).

Алдағы уақытта Сот сараптамалары институттарын Дүниежүзілік Банктің «Қазақстан Республикасында сот сараптамасын күшейту» жобасының қолдауымен кезең-кезеңімен аккредиттеу көзделуде.

Back to top button