Жарғы

1. Жалпы ережелер

1. «Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналык кәсіпорны (бұдан әpi – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта құру жолымен құрылды және оның барлық құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысына сәйкес кәсіпорын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №1403 қаулысына сәйкес кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды.

«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 34 қаулысына сәйкес Кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін оған қосу жолымен қайта ұйымдастырылды және оның барлық құқықтары мен міндеттерінің, оның ішінде Тараптардың даулы міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Укіметі болып табылады.

6. Кәсіпорынның атауы:

мемлекеттік тілде:

толық – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалык мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

қысқартылғаны – «ҚР ӘМ ССО» РМҚК;

7. Кәсіпорынның орналасқан жері – 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғылы, 3/1 үй, ВП 15.

 

2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

11. Кәсіпорын жасасатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

 

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Кәсіпорын қызметінің мәні қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша арнайы ғылыми білім құралдарымен сот сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты арнайы ғылыми білім негізінде қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

14. Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) сот сараптамаларын, зерттеулерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде шарттық негізде ұйымдастыру және жүргізу;

2) Сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және ақпараттық қызметті жүзеге асыру;

3) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, байқаудан өткізу және енгізу, сот-сараптамалық зерттеулердің қолданыстағы әдістемелері мен әдістемелік ұсынымдарын жетілдіру болып табылады;

4) сараптама қорытындыларын сыртқы және ішкі рецензиялау;

5) құзыреті шегінде сот сарапшыларын, сондай-ақ өзге де адамдарды (сот-сараптама қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия алуға үміткер адамдарды, сот-сараптама қызметімен айналысуға Мемлекеттік лицензиясы бар адамдарды және құқық қорғау, арнаулы органдар қызметкерлерін) іріктеуге, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге қатысу;

6) тиісті саланың уәкілетті органы көздеген тәртіппен сот сарапшыларын аттестаттауды ұйымдастыру, жүргізу және оған қатысу болып табылады;

7) Сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша ұйымдармен бірлескен семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

8) Сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық және халықаралық қызмет болып табылады;

9) Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу және оларды жүргізу;

10) Сот-сараптама қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;

11) Қазақстан Республикасының сот сарапшыларының республикалық палатасымен өзара іс-қимыл жасау;

12) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эпидемияға қарсы, аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда зертханалық диагностика жүргізу».

15. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не директордың жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Кәсіпорын директорының кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

4. Кәсіпорынды Басқару

Кәсіпорынды Басқару

18. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша кәсіпорынның құрылтайшысы болады;

2) Қазақстан Республикасының атынан Кәсіпорынға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

3) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын кәсіпорын түрін айқындайды және Кәсіпорынның Жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

4) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

5) Кәсіпорын мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, Кәсіпорынның артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

8) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;

9) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

10) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;

Кәсіпорынның жұмыс істеуі мен оны басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.

19. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) қызметтің басым бағыттарын және Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;

2) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау жөнінде, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын кәсіпорынның түрін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарын және оның орындалуы жөніндегі есепті қарайды, келіседі және бекітеді; ;

4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;

Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорынға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

6) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;;

8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

9) Кәсіпорынның таза табыстың белгіленген бөлігін республикалық бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;

9-1) “мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығына сәйкес кәсіпорын директорын қызметке тағайындау немесе қызметтен босату кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісім беру туралы ұсыныс енгізеді;

10) Кәсіпорын директорының ұсынымы бойынша оның орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11) Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын белгілейді;

12) Кәсіпорын директорының ұсынысы бойынша кәсіпорынның штаттық кестесін және құрылымын келіседі;;

13) Кәсіпорын директорының ұсынуы бойынша кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындауға келісім береді;;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.

20. Кәсіпорынның органы оның директоры болып табылады.

21. Директорды тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

22. Тиісті саланың уәкілетті органы кандидатураны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы кәсіпорын директорымен еңбек қатынастарын ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан басқа, таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін кәсіпорын директорының жауапкершілігі айқындалады.

23. Кәсіпорын директоры кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

24. Кәсіпорын директоры кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

25. Кәсіпорын директоры дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

26. Директоры:

1) Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банк шоттарын ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларға жаза қолданады; ;

8) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорынның штат кестесін және құрылымын бекітеді;

9) белгіленген еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестесін, қызметкерлерге сыйлықақы беру және өзге де сыйақы беру жүйесін бекітеді;

10) өз орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

11) өзінің орынбасарларының, кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорлары мен директорларының орынбасарларының құзыретін белгілейді;

12) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды;

12-1) Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметтен босатады;

13) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

27) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

 

5. Кәсіпорынның мүлкі

28. Кәсіпорынның мүлкін құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

29. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

30. Кәсіпорынның мүлкі мыналардан құралады::

1) оған меншік иесі берген мүлікті;

2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

31. Кәсіпорынның қарамағында оның Жарғылық мақсаттарында көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін оған қажетті не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлік қана бола алады.

32. Егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығына және өзге де заттық құқыққа ие болу және оны тоқтату үшін көзделген талаптармен және тәртіппен жүзеге асырылады.

33. Жедел басқарудағы мүлiктi пайдаланудан алынған жемiстер, өнiм мен табыстар, сондай-ақ шарттар немесе өзге де негiздер бойынша Кәсіпорын сатып алған мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында меншiк құқығына ие болу үшін белгiленген тәртiппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседi.

34. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иесінің шешімінде өзгеше белгіленбесе, меншік иесі оны Кәсіпорынға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке жедел басқару құқығы Кәсіпорында мүлікті оның балансына бекітіп берген кезде туындайды.

35. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

36. Кәсіпорынның мүлкін жедел басқару құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 249-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 37-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

37. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті алып қоюға не оны өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

38. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде  Кәсіпорынға, алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.

39. Осы Жарғының 35-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын өзіне бекітілген, негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана құқылы.

40. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығымен бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

 

6. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

41. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

42. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке есептелуге жатады.

Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

43. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес сатады.

44. Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

45. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметті жүзеге асырудан алған табыстары, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қойылуға жатады.

 

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

46. Кәсіпорынның жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін меншік иесінен басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

 

8. Кәсіпорынның есебі және есептілігі

47. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорын директоры бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігіне мыналар кіреді: бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба.

 

9. Кәсіпорынның Жауапкершілігі

48. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы республикалық бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

 

10. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас

49. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

50. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

51. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

52. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу “Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жүргізіледі.

 

12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

53. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын  сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

54. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

55. Таратылған Кәсіпорынның кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

 

13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

56. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.

Back to top button