Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің еркіндігі мен даму жолындағы маңызды күн. Біз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосып, еліміздің болашағына сеніммен қараймыз. Сот сараптамалары саласында еңбек ететін әрбір маман заңды қорғау, әділеттілікті қамтамасыз ету жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Біздің орталық әрқашан әділдік пен заңның үстемдігін қолдайтын сенімді құрылым болып қалатынына сенемін. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Баршаңызға бақ-береке, денсаулық және табыс тілеймін! Құрметпен, Сот сараптамалары орталығының Директоры, Сатывалдеев Руслан Құсайынұлы.