Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті
Бүгін Әділет министрлігінде Азамат Есқараевтың төрағалығымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Жиынға ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппаратының өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары және құқықтық қауымдастық өкілдері қатысты.
Алқа отырысында Әділет вице-министрлері сот сараптама, нормашығармашылық, құқықтық насихат, зияткерлік меншік құқығын қорғау, атқарушылық іс жүргізу және цифрландыру бағыттары бойынша баяндама жасады.
Азамат Есқараев сот сараптамасы мәселесіне тоқтала отырып, «қолданыстағы жүйе тиімділік пен сапаның заманауи талаптарына сәйкес келмейтінін атап өту қажет. Осыны күмән тудыратын сот сараптамасының нәтижелері немесе қажетті дәлдік деңгейіне жетпейтін көптеген мысалдар растайды».
«Сот сараптамасы жүйесін қайта форматтау тапсырмасы өзекті болып отыр. Сараптама қорытындыларының сапасы мен уақтылығын арттыруға басты назар аудару керек, бұл жаңа технологияларды, әдістер мен тәсілдерді енгізуді талап етеді», деді Азамат Есқараев.
Жиынды қорытындылай келе Азамат Есқараев министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік департаменттеріне жаңа міндеттер қойды. Ең бірінші кезекте халықпен кері байланыс орната отырып, азаматтардың құқығын қорғауға бар ынта-жігерді салуға шақырды.
«Әріптестер, мен сіздерден барлық ынта-жігермен жұмыс жасауды талап етемін. Сіздерге жүгінетін азаматтар өз проблемаларының шешімін табуы тиіс. Халықпен өзара қарым-қатынас орнатуда формализмге жол беруге болмайды. Келер жылға стратегиялық міндеттер қойдым, сіздер оларды адал орындауларыңыз қажет!»-деді Азамат Есқараев