Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ТМД-да сот-сараптама қызметінің Үйлестіру Кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот – сараптама қызметі саласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің үйлестіру кеңесін құру туралы келісімнің жобасын мақұлдады.

«Сот – сараптама қызметі саласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үйлестіру кеңесін құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын»,-делінген Жарлықта.

Үйлестіру кеңесі ТМД-ның салалық ынтымақтастық органы болады және өз құзыреті шеңберінде сот-сараптама қызметі саласындағы құзыретті органдардың өзара іс-қимылын және халықаралық ұйымдармен және олардың құрылымдарымен сындарлы ынтымақтастықты ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

-сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау;

– сот-сараптама қызметі саласында ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру;

– ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдары мен өзге де мүдделі ұлттық қызметтері мен ведомстволарының негізгі аспектілері бойынша практикалық өзара іс-қимылын үйлестіру;

– Келісімге қатысушы мемлекеттер арасында сот-сараптама қызметі саласында техникалық жәрдемдесу бағдарламаларын үйлестіру;

-ТМД шеңберінде қабылданған сот-сараптама қызметі саласындағы құжаттардың орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру.

Кеңестің негізгі функциялары:

– Келісімге қатысушы мемлекеттердің сот-сараптама қызметі саласындағы ұлттық заңнаманы жақындастыруға және үйлестіруге жәрдемдесу;

– Келісімге қатысушы мемлекеттердің тиісті мемлекеттік билік органдарымен, ТМД органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

– Келісімге қатысушы мемлекеттердің сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

-сот-сараптама қызметі саласы қозғалатын мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

– Келісімге қатысушы мемлекеттердің сараптамалық зерттеулер әдістемелерін жүйелеуге, стандарттауға және біріздендіруге қатысу;

– сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша ақпарат алмасуға жәрдемдесу;

-сот-сараптама қызметінің өзекті мәселелері бойынша әдістемелік басылымдар мен өзге де әдістемелік материалдарды дайындауды және таратуды ұйымдастыру;

– Келісімге қатысушы мемлекеттердің сот-сараптама қызметі саласында кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелерін қарау;

-өзара қызығушылық тудыратын сот-сараптама қызметі саласындағы проблемалар бойынша бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін қарау;

– Кеңестің құзыретіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Бұл ретте кеңес құқылы:

  •  өз құзыреті шеңберінде сот – сараптама қызметі саласындағы келісімге қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған шешімдер мен ұсынымдар қабылдау;
  • белгіленген тәртіппен мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің, ТМД Экономикалық кеңесінің қарауына кеңес дайындаған құжаттардың жобаларын, сондай-ақ кеңес қызметіне қатысты мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің, ТМД Экономикалық кеңесінің шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты енгізуге;
  • -ТМД-ның басқа да мүдделі органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  • қажет болған жағдайда кеңес алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қызмет бағыттары бойынша уақытша жұмыс топтарын құруға және олар туралы ережелерді бекітуге;
  • ғалымдар мен мамандар кеңесінің жекелеген функцияларын іске асыру үшін белгіленген тәртіппен тарту;
  • ТМД-ның мүдделі органдарына Сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша ақпарат жіберуге, сондай-ақ оны ТМД органдарының баспа басылымдарында жариялауға
  •  өз құзыреті шегінде өзге де мәселелерді шешу.
Back to top button