Жаңалықтар

Ішкі істер органдары және сот-сараптамалық мекемелердің өзара әрекеттесуі туралы

2021 жылғы 5 тамызда ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығы С.А. Адиловтың төрағалығымен ішкі істер органдары және сот-сараптамалық мекемелердің өзара әрекеттесу мәселелері бойынша онлайн-кездесу болып өтті. Орталық атынан Орталық директорының орынбасарлары Исмаилов И.Ж. және Имамбаева Н.Е. қатысқан жиында Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде орын алатын проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Кездесу нәтижесінде өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында  әрі қарай бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Осы орайда, сараптамаға келіп түсетін материалдардың 85% астамы ішкі істер органдарымен тағайындалатынын атап өтеміз. 2021 жылдың 6 айында аталған органның қаулысына сәйкес  81 043 сараптама орындалды.

Back to top button