Жаңалықтар

Nur Otan ” партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау

2021 жылдың 22 қазанында “Nur Otan” партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауымен бірге ҚР Әділет министрі М.Бекетаев азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында арызданушылар өз өтініштерін Министрдің жеке өзіне жолдай алды, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірмелерді тыңдап, сондай-ақ заңгерлік кеңес алды.

Сот сараптамалары орталығының бағыты бойынша жеке тұлғалардан 2 өтініш келіп түсті, олар бойынша заңдық сипаттағы түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар, Министрдің азаматтарды онлайн қабылдауы барысында сот-құрылыс сараптамасын жүргізу мәселесі бойынша жүгінген өтініш беруші Орталық басшылығы мен қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі, мейірімділігі, сезімталдығы және азаматтардан түскен өтініштерді қарау кезінде көмек көрсетуге ниеті үшін алғыс білдірді.

Back to top button