ҚР Әділет министрі Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтының ұжымымен кездесті
Ең алдымен министр институттың жаңа ғимаратын аралап, жекелеген зертханалардың қызметімен танысты. Содан кейін ол институттың акт залында қызметкерлермен кездесті.
Әділет министрі сот сараптамасының негізгі мақсаттары нақты істі шешу үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау болып табылатынын атап өтті. Тиісінше, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету белгілі бір дәрежеде сот-сараптамалық зерттеулердің нәтижелеріне байланысты.
Демек, сот сарапшыларына сот сараптамасын жүргізу жолымен белгіленетін қылмыстық, азаматтық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі шешу үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу жөніндегі жауапты міндеттер жүктелген.
Бүгінде әрбір сот-сараптамалық қорытындының артында адамдардың тағдыры, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау тұр деп сеніммен айтуға болады – деп атап өтті министр.
Өз кезегінде институт қызметкерлері сот-сараптамалық іс жүргізу барысында проблемалық мәселелерді айтты. Осыған байланысты министр жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін міндетті түрде сақтай отырып, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуде сот-сараптамалық зерттеулердің мерзімдерін, жан-жақтылығын, толықтығын, объективтілігін және ғылыми негізділігін қатаң сақтауды тапсырды.