Жаңалықтар

Балаларға қатысты жасалған қылмыстарды тергеудегі сот сараптамасының рөлі

ҚР   Президентінің   жанындағы   Әйелдер   істері   және   отбасылық-демографиялық   саясат   жөніндегі   ұлттық   комиссия   БҰҰ   Балалар   қорының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен (ЮНИСЕФ) бірлестікте ағымдағы жылы   Қазақстан   Республикасында   балаларды   зорлық-зомбылықтан   қорғау жүйесін функционалдық талдау бойынша зерттеулер  жүргізуді жоспарлаған.  Функционалдық   талдаудың   негізгі   мақсаты   –   ведомстволар   арасында рөлдер мен функцияларды оңтайлы бөлу бойынша және балаларды қорғаудың интеграцияланған жүйесін құру жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін балаларды қорғаудың қолданыстағы жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау. Функционалдық талдау шеңберінде, а.ж. 17 тамызында Нұр-Сұлтан, Шымкент   қалаларының,   Алматы,   Шығыс   Қазақстан   және   Маңғыстау облыстарының   сот-медициналық сарапшылары және психиатрлары азаптау, соның ішінде балаларға қатысты жыныстық азаптау істері аясындағы сот сарапматасының ролі талқылау мақсатында сұхбаттасуға қатысты.  Сұхбат барысында сараптама тағайындау, құқыққорғау органдарымен қарым-қатынас тәртібі, Сот сараптамалары институттарының ғылыми-әдістемелік, материалды-техникалық және кадрлық қамсыздандырылуы атап өтілді. 2020 жылы Орталық сарапшылары балаларға қатысты (0-ден 17 жасқа дейін) жыныстық жағдайды анықтау (қылмыстар) бойынша 700 сараптама орындады.

Back to top button