Сот сараптамалары орталығы мен “AML ACADEMY” қаржы мониторингі академиясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
2023 жылдың 13 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы және «Халықаралық экономика және қаржы академиясы» акционерлік қоғамы «AML ACADEMY» қаржы мониторингі академиясы» білім және ғылым саласындағы өзара тиімді әріптестікті нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Сатывалдеев Руслан Құсайынұлы және «AML ACADEMY» қаржы мониторингі академиясы ректорының м.а. Жангарашев Тілеу Қасенұлы ғылым және білім беру қызметі саласында белсенді өзара байланысты нығайту мақсатында ауқымды жобаларды қолға алды.
Меморандум ресми сапарларды, білім беру іс-шараларын өткізуді, біліктілікті арттыруды, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды, сондай-ақ ғылыми ақпарат пен оқу-әдістемелік материалдармен алмасуды көздейді. Тараптар жобаларды, конференцияларды және басқа да ғылыми іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру жоспарларын ақылдасты.
Меморандум қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетеді. Тараптар қаражат жымқыру, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарды сақтау қажеттігін атап өтеді.
Бұл қадам білім мен ғылымды дамытуда, сондай-ақ кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл шараларын нығайтуда айтарлықтай жемісті болатынына кепілдік береді.