«Сот сараптамасы» техникалық комитеті жұмысының қорытындылары қаралған
2021 жылғы 13 тамызында Сот-сараптамалық қызметті және сабақтас салаларды стандарттау бойынша 105 «Сот сараптамасы» техникалық комитеті жұмысының қорытындылары қаралған онлайн конференция болып өтті. Конференция қорытындысы бойынша 2022 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары аясында қолданылатын терминдерді біріздендіру және бірыңғай тәсілдерді әзірлеу мақсатында «Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», «Құжаттарды сот-техникалық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», «Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», «Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», «Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», «Сот химия-токсикологиялық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», «Сот-психиатриялық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар» стандарттарын әзірлеуде белсенді қарым-қатынас жасасу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, ҚР СТ ISO 21043-1 «Сот сараптамасы. Терминдер мен анықтамалар» стандартының қолданыс аясын криминалистика саласына кеңейту мәселесі талқыланды. Бұдан өзге, 105 ТК әзірлеген ҚР СТ 3533-2020 «Молекулярлық-генетикалық сот сараптамасы. Терминдер мен анықтамалар», ҚР СТ 3534-2020 «Сот-психологиялық сараптама. Терминдер мен анықтамалар», ҚР СТ 3535-2020 «Технологиялық сот сараптамасы. Компьютерлік технология құралдарын сот- сараптамалық зерттеу. Терминдер мен анықтамалар», ҚР СТ 3536-2020 «Фонографиялық сот сараптамасы. Терминдер мен анықтамалар», ҚР СТ 3537-2020 «Сот-экологиялық сараптама. Терминдер мен анықтамалар», ҚР СТ 3708-2021 «Химиялық-токсикологиялық зерттеу. Буфазалы газ хроматография әдісімен қан және несеп сынамаларындағы этанолдың массалық концентрациясын анықтау», ҚР СТ 3709-2021 «Молекулярлы-генетикалық зерттеу. Ядролық ДНҚ зерттеу әдісімен адамның генетикалық бейінін анықтау» стандарттары бекітілді.