Жаңалықтар

2021 жылдың 29 қаңтарында ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директорат отырысы болып өтті.

2021 жылдың 29 қаңтарында ҚР ӘМ Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті және Сот сарапшыларының республикалық палатасы басшыларының қатысуымен ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директорат отырысы болып өтті. Отырыс барысында Орталық пен оның аумақтық бөлімшелерінің 2020 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланып,2021 жылға басым міндеттер айқындалды.Орталық директорының міндетін атқарушы Р.Т. Нугманов жұмыстың негізгі қорытындылары туралы баяндама жасай отырып, Орталықтың ағымдағы жылдағы негізгі міндеттерін атап өтті. Сот сараптамалары институттарының негізгі міндеті сот-сараптама қызметін халықаралық аккредиттеу стандартының деңгейіне дейін жетілдіру, қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді сот сарапшыларының сапалы қорытындыларымен қамтамасыз ету болып табылады.

Back to top button