Директордың бос лауазымына өткізілген конкурстың нәтижелері туралы
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына өткізілген конкурстың нәтижелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 15-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Конкурстық комиссиясымен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры лауазымына жүргізілген әңгімелесу мен дауыс беру нәтижесі бойынша Берік Беркімбайұлы Сағындықовтың кандидатурасын тағайындауға бірауыздан оң қорытынды шығарылды.