Жаңалықтар

Дәрілік зат тропикамидті химиялық-токсикологиялық зерттеу

Бұл мақалада химиялық-токсикологиялық зертханада талдауға ұсынылған объектілерден (мәйіт материалынан)  тропикамид дәрілік затын жұқа қабатты хроматография әдісімен зерттеу қарастырылды.

Тропикамид дәрілік заты офтальмоскопия және рефракцияны анықтау кезінде диагностикалық мақсаттарға, көздің қабыну ауруларын кешенді емдеуде синехияның дамуын болдырмауға арналған. Препаратты жиі қолдану әдеттілікке және психикалық тәуелділікке әкеп соқтырады. Тұрақты екпе қабылдау өте қысқа мерзімде ауыр зардаптарға әкеледі. Тропикамид галлюцинацияны тудырады. Тропикамидті қолданудың тәуелділігі мен салдары героинге қарағанда бірнеше есе күшті. Препаратты қолданатын нашақорларда бірнеше апта ішінде тері сары балауызға айналып, гемоглобин 32 г/л дейін төмендейді.

Біздің зерттеу барысындағы мақсатымыз – биологиялық материалдан тропикамидті бөліп алу әдістерін зерттеу және оны сәйкестендіру. Біз органикалық тұнбада тропикамидті зерттеу үшін келесі әдістерді қолдандық: Зерттеу үшін стандартты зат ретінде 1% Мидриацил (тропикамид) ерітіндісінің көз тамшылары қолданылды, с.с. Алкон-Кувер н.в. В-2870 Пурс, Бельгия.

Зерттеу нәтижесін қорытындылай келе, жүргізілген зерттеулер негізінде сулы ерітінділерден және әр түрлі биологиялық объектілерден тропикамидті бөліп алудың жоғарыда аталған әдісін ұсынуға болады. Бұл жағдайда, қышқыл ерітінділерден экстракция кезінде эфирдің орнына хлороформды қолдану қажет және рН мәні – 9 болғанда тропикамидтің негізгі экстракциясын жүргізген жөн.

Талипова Б.З., Адилгалиева К.М. Жезқазған қ. ССИ

Back to top button