Жаңалықтар

Жеңілдетілген рәсім бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қарау тәртібі

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 63-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да беріледі. Ауызша нысанда берілген өтінішті әкімшілік органның қызметкері хаттамаға енгізеді. Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген өтініште мыналар көрсетіледі:

1) өтініш берушінің немесе заңды тұлғаның ТАӘ, ЖСН, мекенжайы, телефоны;

2) өтініштің мәні мен берілген күні.

3) өтініш берушінің немесе оның өтініш берушісінің қолы міндетті.

Өтініш берілгеннен кейін міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға тиіс және өтініш берушіге күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның ТАӘ көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі.

Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Егер өтініш жұмыс күні болмаса, онда ол келесі жұмыс күні тіркеледі.

Егер өтініште өтініш берушінің деректері болмаса немесе өтініштің өзі жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, әкімшілік лауазымды тұлға өтініш берушіге ҚР ӘРПК-нің қандай талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетеді, оған сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгілейді.

Өтініш ҚР ӘРПК талаптарына сәйкес келтірілмеген жағдайда, өтініш қараусыз өтініш берушіге қайтарылады.

Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін жазбаша өтініші негізінде өзінің өтінішін кері қайтарып ала алады.

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға келіп түскен өтініш түскен күнінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы өтініш берушіге бір мезгілде хабарлай отырып, уәкілетті әкімшілік органға жіберіледі.

Хабарламаларды, ұсыныстарды, пікірлерді және сұрау салуларды беру және қарау жеңілдетілген әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады, бірақ егер оларда мәселенің мәні баяндалмаса, авторлығын анықтау мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің почталық мекенжайы болмаса, ал қайта жүгінген кезде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе, жеңілдетілген әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады.

ҚР ӘРПК 88-бабының 2-тармағына сәйкес жеңілдетілген әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімді хабарламаны, ұсынысты, пікірді, сұрау салуды қарайтын субъектінің басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.

Жеңілдетілген рәсіммен өтінішті қарау қорытындылары бойынша ақпаратты назарға алу, не сұрау салудың мәні бойынша жауап беру, не рәсімді тоқтату туралы шешім шығарылады. Негізделген жауаптар мемлекеттік тілде немесе өтініш берушінің қабылданған шешімге шағым беру құқығын түсіндіре отырып, өтініш жасалған тілде болуға тиіс. Жарнамасы бар ұсыныстармен өтініштер есепке алынбайтынын атап өткен жөн.

Back to top button