Жаңалықтар

“Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің, мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинардың пресс – релизі

Ағымдағы жылғы 20 мамырда аумақтық бөлімшелердің 22 сарапшысының, сондай-ақ ССО директорының сот – медициналық мәселелері жөніндегі орынбасары Имамбаева Назгүл Ермекқызының, ССҒЗИ директорының орынбасары Тазабеков Асылбек Мейірбекұлының, ССҒЗИ жетекші ғылыми қызметкерлері – профессор, м.ғ.д. Галицкий Франц Антоновичтің, қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. Толқын Зейнақабиденқызы Жақыпованың қатысуымен бейнеконференцбайланыс (онлайн) арқылы “Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің, мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Осы семинардың модераторы Күрделі сараптамалар бөлімінің басшысы Татьяна Игоревна Полякова болды.

Семинар жұмысында сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде туындайтын қиындықтар және өзекті мәселелер, сараптама жүргізу кезінде жіберілетін қателіктер, сондай-ақ жүргізілетін зерттеулердің ғылыми-әдістемелік негіздері баяндалды.

Сарапшылар, зерттеудің осы түрі бойынша өзекті және қиын мәселелер көрсетілген баяндамаларын ұсынды. Тәжірибемен алмасу және талқылау өткізілген семинардың маңызды бөлігі болып табылды.

Семинардың қорытындысы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің, мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың материалдары бойынша сот-медициналық сараптамасы ғылыми зерттеудің маңызды нысаны болып табылатыны және оқыту түрінде сот-медициналық сараптаманың жаңа түрлері туралы ақпарат алу және көрсету каталогтарын құру өте маңызды болып табылатыны туралы шешім қабылданды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар жолданды.

Back to top button