Жаңалықтар

Ғылыми-практикалық семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 15-16 наурызында аумақтық бөлімшелердің 13 сарапшысының қатысуымен бейнеконференцбайланыс (онлайн) арқылы “Құжаттардың сот-техникалық сараптамасын жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер. Жүргізілген зерттеулер шеңберіндегі сараптамалық қателер. Құжаттардың ескіру мерзімін анықтау мүмкіндіктері мен перспективалары (абсолютті және салыстырмалы). Құжаттар материалдарын зерттеудегі проблемалық мәселелер” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Аталған семинардың модераторы құжаттарды сот-техникалық зерттеу бойынша бас сарапшы Л. А. Цыбенко болды.

Семинар жұмысында сот-техникалық сараптамасын жүргізу кезінде туындайтын проблемалық және өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары, құжаттардың ескіру мерзімін анықтау мүмкіндіктері (абсолютті және салыстырмалы), сараптамаларды жүргізу кезінде жіберілетін қателіктер, сондай-ақ жүргізілетін зерттеулердің ғылыми-әдістемелік негіздері баяндалды. Сарапшылар, зерттеудің осы түрі бойынша өзекті және проблемалық мәселелер көрсетілген баяндамаларын ұсынды. Өткізілген семинардың маңызды бөлігі тәжірибемен алмасу және талқылау болды.

Семинар қорытындысы бойынша құжаттарды сот-техникалық зерттеу ғылыми зерттеудің маңызды нысаны болып табылатыны және оқыту және көрсету каталогтарын құру түрінде полиграфиялық өнімнің жаңа түрлері туралы, компьютерлік жабдықты пайдалана отырып басып шығарудың жаңа тәсілдері туралы ақпарат алу өте маңызды болып табылатыны жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ, құжаттардың абсолюттік ескіруі және тиісті жабдықтарды сатып алу туралы мәселелерді шешу үшін материалдар жинау жөніндегі жұмыс тобын құру мәселесін қарастыру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.

Back to top button