Жаңалықтар

“Кешенді сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптамалары және оларды жүргізу кезіндегі ықтимал қиындықтар” тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинары өткізілді.

Ағымдағы жылдың 26-27 сәуірінде бейнеконференцбайланыс (онлайн) арқылы аумақтық бөлімшелердің 25 сарапшысының қатысуымен – “Кешенді сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптамалары және оларды жүргізу кезіндегі ықтимал қиындықтар” тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинары өткізілді.

Аталған семинардың модераторы Нұр-Сұлтан қ. бойынша ССИ сот-биологиялық зерттеу бойынша бас сарапшысы Итбаева Жанар Жақсылыққызы болды.

Семинар жұмысында сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптамаларын жүргізу кезінде туындайтын қиын және өзекті мәселелер, сараптама жүргізу кезінде жіберілетін қателіктер, сондай-ақ жүргізілетін зерттеулердің ғылыми-әдістемелік негіздері баяндалды.

Сарапшылар, зерттеудің осы түрі бойынша өзекті және қиын мәселелер көрсетілген баяндамаларын ұсынды. Өткізілген семинардың маңызды бөлігі тәжірибе алмасу және талқылау болды.

Семинар қорытындысы бойынша сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптамалары ғылыми зерттеудің маңызды нысаны болып табылатындығы және оқыту және көрсету каталогтарын құру түріндегі сот-биологиялық және молекулярлық-генетикалық сараптамалардың жаңа түрлері туралы ақпарат алу өте маңызды болып табылатындығы туралы шешім қабылданды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар жолданды.

Back to top button