Сот сараптамасы орталығының сот-сараптама қызметін дамытудың басым бағыттары
1) сот-сараптама қызметінің институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін дамыту;
2) сарапшы кадрларын іріктеу, кәсіби даярлау және біліктіліктерін көтеру жүйесін жетілдіру;
3) сот-сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
4) сот-сараптамасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қазіргі уақытта Сот сараптамасы орталығы зерттеулердің бірнеше түрін: технология, техника, адамның психологиялық процесстері және молекулярлық биология, филология салаларындағы әр түрлі білімдерге жататын сараптамалардың дәстүрлі түрлері мен зерттеулердің жаңа түрлерін: молекулярлық-генетикалық, психологиялық-филологиялық және электротехникалық зерттеулерді, компьютерлік технологиялар мен контрафактілік өнімдерді зерттеуді жүргізеді.
Сот сараптамасы орталығының ғылыми-әдістемелік жұмысы негізінен сот сарапшы кадрларын алғашқы даярлау мен біліктіліктерін көтеруге, сондай-ақ қылмыстарды тергеу кезіндегі арнаулы ғылыми білімдерді пайдалану мәселелері бойынша құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеруге саяды.
Ғылыми-әдістемелік қызмет келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасындағы сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдер институтының теориялық-құқықтық негіздерін әзірлеу.
2. Сот сараптамасының кейбір түрлерінің (сот экономикалық, сот психологиялық-филологиялық сараптамаларының) теориялық және ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру.
3. Қылмыстық істердің кейбір санаттары (діни экстремизммен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен байланысты қылмыстық істер) бойынша сараптама жүргізу кезінде арнаулы білімдерді пайдаланудың
оқу-әдістемелік мәселелері.
4. Сот сараптамасы саласындағы шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктерін зерттеу.
5. Сот сараптамасының ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру.
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметінің дамуы дүние жүзі елдерінің сараптамалық жүйелерінің қызметімен және сот сараптамасы саласындағы тәжірибемен тиімді алмасумен тығыз байланысқан, олармен табысты ынтамақтасуға халықаралық ұйымдардың қатысуы мен жәрдемдесуі кепіл болады.