Жаңалықтар

Онлайн – форматта сот сарапшыларының біліктілігін арттыру үшін құжаттың ескіру бойынша тренинг өтті

Онлайн – форматта Zoom платформасында Орталықтың сот сарапшыларының біліктілігін арттыру үшін құжаттың ескіруі бойынша виртуалды тренинг өтті.”Құжаттардың түпнұсқа немесе жалған екенін анықтау үшін химиялық зерттеулер мен қолжазбалардың таңбалану күнін пайдаланудың маңыздылығы» “Қазақстан Республикасында сот сараптамасын нығайту” жобасы аясында 2020 жылдың 2 қыркүйегінен 22 қыркүйегіне дейін құжаттың ескіру мерзімі бойынша сот сарапшыларының біліктілігін арттыру курсы өткізілді. Курс ZOOM платформасы арқылы “Құжаттардың түпнұсқа немесе жалған екенін анықтау үшін химиялық зерттеулер мен қолжазбалардың таңбалану күнін пайдаланудың маңыздылығы” тақырыбында өтті. Бұл курстың мақсаты – сараптаманың жаңа түрін енгізу және сарапшылардың құжаттардың түпнұсқалығын немесе жалған екенін анықтау үшін құжаттың ескіру мерзімін анықтауға үйрету. 18 сағаттық оқыту тренингіне Сот сараптамалары орталығының барлық аумақтық бөлімшелерінен құжаттардың техникалық сараптамасымен айналысатын 21 сарапшы қатысты. Курсты Флорида халықаралық университеті, Флорида, АҚШ өткізді. Курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Back to top button