Жаңалықтар

ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директорат отырысы

2021 жылғы 16 шілдеде ҚР ӘМ Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті басшыларының қатысуымен ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директорат отырысы болып өтті.

Отырыс барысында Орталық пен оның аумақтық бөлімшелерінің 2021 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, 2021 жылғы 2-жартыжылдыққа басым міндеттер айқындалды. Орталық директорының міндетін атқарушы Р.Т. Нұғманов жұмыстың негізгі қорытындылары туралы баяндама жасай отырып, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің нормаларын жүзеге асыруға аса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, отырыста «Е- saraptama» ЖБӨ енгізу, сараптама өндірісінің аутсорсингі, әкімшілік-шаруашылық персонал  қызметтерінің аутсорсингі және т.б. жобалардың іске асырылу барысы туралы талқыланды.

Back to top button