Жаңалықтар

ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директорат отырысы

Бүгін Астана қаласында Сот сараптамалары орталығы және оның аумақтық бөлімшелерінің директорат отырысы өткізілді, онда мекеменің 2023 жыл 11 айдағы жұмысының негізгі жайттар талқыланды.

Сот сараптамалары орталығы мен оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығы, сонымен қатар Исабеков Тимур Шамсатұлы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры отырысқа қатысты.

Отырыс барысында сот-сараптама және сот-медициналық қызметінің нәтижелері қаралды, кадр құрамының талдауы жүргізілді және аумақтық бөлімшелер басшыларының жұмыс тиімділігі бағаланды. Сот сарапшыларын даярлау, біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, Орталықтың барлық қызметкерлерінің жалақысын екі есе арттыру мәселелері талқыланды.

Отырыс нәтижелерді жалпылаумен және дамудың стратегиялық перспективаларын талқылаумен аяқталды, Орталық сот-сараптама қызметіндегі сапалы өзгерістерге үнемі дайындығын атап өтті.

Back to top button