2026 жылғы конференция

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2026 жылғы 11–12 қыркүйек күндері Астана қаласында өтетін, Қазақстан Республикасында сот сараптамасы жүйесінің құрылғанына 75 жыл толуына арналған «Сот төрелігі жүйесіндегі сот сараптамасы: сын-қатерлер мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Аталған іс-шараның мақсаты – сот-сараптамалық қызметтің өзекті мәселелері мен даму үрдістерін талқылау, халықаралық тәжірибе алмасу. Сондай-ақ дәлелдемелерді цифрландыру, инновациялық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект құралдары мен цифрлық криминалистиканы енгізу, сараптамалық қорытындылардың сапасы мен сенімділігін арттыру, сот және сот-медициналық сарапшыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мәселелеріне назар аудару жоспарлануда.

Конференцияға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Азиялық сот сарапшылары желісінің сот сарапшылары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының серіктес елдерінің өкілдері, Халықаралық сот ғылымдары қауымдастығының, ҚР құқық қорғау және арнайы органдарының өкілдері, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, сот сараптамасы саласындағы ғалымдар мен практиктер, зертханалық жабдықтардың жетекші өндірушілері шақырылған.

Конференция аясында сот-медициналық сараптамалық қызметке қатысты ғылыми және талдамалық мақалалар енгізілетін материалдардың электрондық жинағын шығару көзделген.

Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 15 маусымға дейін іс-шараның ресми сайтында https://www.forensic-conf2026.kz/ онлайн тіркеуден өту қажет. Сайтта конференцияның алдын ала бағдарламасы және барлық өзекті ақпарат орналастырылған.

Сіздердің қатысуларыңызға қуаныштымыз және конференция сот-сараптамалық қызметті дамыту мен нығайтуға ықпал ететін сындарлы диалог, тәжірибе алмасу және тиімді шешімдер қабылдау алаңына айналады деп сенеміз

 

Құрметпен,

директор                                                                                                                  Б. Байтилесов

 

Back to top button