Анықтамалық
Анықтаманы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы сот сараптамаларын тағайындау кезінде құқық қорғау, арнайы органдар мен соттарды әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында әзірледі. Басылымда сот сараптамаларының негізгі түрлері, шешілетін міндеттердің тізбесі, сарапшыларға қойылатын типтік сұрақтар және материалдарды дайындау жөніндегі ұсынымдар ұсынылған. Анықтамалық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына негізделген және сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде тиімділік пен құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған. Анықтамалық тергеу-сот тәжірибесінде, білім беру және әдістемелік жұмыста, сондай-ақ сот сараптамаларын тағайындауға және жүргізуге байланысты мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру кезінде кеңінен пайдалануға ұсынылды