Жаңалықтар

«Сот-сараптама жүйесін реформалау туралы» брифинг

2021 жылғы 26 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде сот-сараптама жүйесін реформалау туралы брифинг өтті.⠀

Оның барысында осы салада бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетті дайындау, еңбекақы төлемін ұлғайту, бәсекелестік ортаны дамыту, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сот-сараптама қызметін автоматтандыру және заңнаманы жетілдіру бойынша азаматтар мен БАҚ өкілдеріне толық ақпарат беріп, келіп түскен барлық сұрақтарға ҚР Әділет министрлігінің министрі Марат Бекетаев жауап берді.

⠀       «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияда 55 сот сарапшысы тағылымдамадан өтті, 16 сот сарапшысы оқуын жалғастыруда, сондай-ақ 200-ден астам сарапшы шетелде біліктілігін арттырып, алған білімін сот сараптамасының отандық тәжірибесіне енгізуде. Сот дәрігерлерінің жалақысы 45%-ға артты, 2023 жылға қарай 2,5 есеге дейін ұлғайта отырып арттыру мәселесі пысықталуда.

Қазақстанда бәсекелестік ортаны аутсорсинг арқылы дамыту бойынша пилоттық жоба іске қосылуда.  Сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70 % -ға жаңартылды. Нұр-Сұлтан қаласында Сот сараптамалары институтының үлгілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде. 2021-2025 жылдары аралығында Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарында ғимараттар салу жоспарда бар.

«Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі әзірленді.    Биыл өнеркәсіптік пайдалануға қосу және оны тарату жоспарлануда.    Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаты бастамашылық еткен сот-сараптама қызметі мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулер жобасы Мәжілістің қарауында. Министрлікпен сот-сараптама қызметі институтын одан әрі жетілдіру және нығайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Ақпарат ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметінің ресми сайтынан алынды

Back to top button