Дүниежүзілік банк жобасы

2016 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Дүниежүзілік банкпен әріптестікте «Құқық секторын институционалдық нығайту» жобасы шеңберінде «Сот сараптамасын нығайту» жобасын іске қосты. Жоба сот сараптамасының реформаларын үш деңгейде қолдауға бағытталған: тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу жолымен зертханалар деңгейінде басқару тиімділігін арттыруға және халықаралық аккредиттеуді алуды қолдауға, заңнама мен нормативтік актілерді жүйелі деңгейде жетілдіруге, сондай-ақ сот сарапшыларының біліктілігін жеке және кәсіби даму деңгейінде арттыруға.

Жоба М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗ МЗУ Университетінің басшылық етуімен King’s College London, Key Forensic Services Ltd және QPA Strategies Ltd сияқты британдық әріптестермен ынтымақтастықтағы консорциуммен іске асырылуда. Ол, ДНҚ мен токсикологиядан бастап сот-медициналық және бухгалтерлік есеп сараптамаларына дейінгі сот сараптамасының 21 түрін, сондай-ақ басқару және саясат деңгейіндегі сот сараптамасын реформалау аспектілерін қамтиды.

Жалпы алғанда, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 250-ден астам сот сарапшылары Ұлыбританияда, АҚШ, Израильде, Литвада, Ресейде, Түркияда және БАӘ біліктіліктерін арттырудан өтті, ал 2020 жылдан бастап оқу бағдарламалары онлайн және виртуалды платформалар арқылы жүргізілуде. Бүкіл еліміз бойынша сот-сараптама зертханаларының сапасы мен тиімділігін арттыруға арналған тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің жиынтығы әзірленіп, пилоттандырылды. Жүйелі шолу шеңберінде Қазақстандағы сот сараптамасы нарығын және тиісті заңнама мен реттеу режимін дамыту үшін нақты ұсынымдарды қоса алғанда, жеке сот-сараптамасы мекемелерімен халықаралық тәжірибеге егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

«Бұл Қазақстандағы сот сараптамасының реформаларын қолдау жөніндегі бірегей жоба. Бұл, бүкіл жүйені оның көптеген деңгейлерінде жақсарту және әрі қарайғы реформалар үшін берік платформа құру үшін кең халықаралық тәжірибені қолдана отырып, Дүниежүзілік банк жүргізетін сот сараптамасына арналған алғашқы жоба».

Юрий Бикбаев, «Құқық секторын институционалдық нығайту» жобасы, «Сот сараптамасын нығайту» жобасының жетекшісі.

https://projects.worldbank.org/en/projects-operations/project-detail/P143274?lang=en

https://academy.kazguu.kz/ru/2016/12/09/mezhdunarodnaya-konferentsiya-oznamenovannaya-zapuskom-proekta-po-usileniyu-sudebnoj-ekspertizy/

https://astanatimes.com/2017/02/ministry-of-justice-and-world-bank-to-strengthen-forensic-services/

https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/mezhdunarodnye-i-otechestvennye-eksperty-obsudili-voprosy-modernizacii-sudebnoy-ekspertizy?lang=ru

Back to top button