Халықаралық ынтымақтастық

Ғылым мен техниканың дамуы, заманауи қылмыстың жоғары ғылыми-техникалық деңгейі құқыққорғау органдары мен соттардың қызметін сапалы сарапшы қорытындысымен қамтамасыз етуде сот сараптамасының мәнін күшейтеді және сот-сараптамалық қызметті басқару әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді талап етеді.

Бұл ретте, Қазақстандағы сот сараптамасы мемлекеттің құқықтық жүйесінің ажырамас бөлігі бола отырып, заманауи кезеңде әлемдік тенденцияға сүйеніп ілгері дамып жатқандығын атап өткен жөн.

Әріптестік қарым-қатынас орнату және нығайту арқылы сот сараптама ғылымының заманауи мүмкіндіктерін қолдану, дамыту және кеңейту мемлекет мүддесін, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызды қадам болып саналады.

Қазіргі таңда ҚР Әділет министрлігі (Сот сараптамалары орталығы) Армения (2001 ж., 2015 ж., 2019 ж.), Беларусь (2015 ж., 2018 ж.), Грузия (1998 ж.) және Украина (2018 ж.) сияқты елдермен екіжақты әріптестік қарым-қатынас орнатқан.

Сондай-ақ, Қазақстанның бастамасы негізінде Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты елдердің өкілдері кіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің сот-сараптамалық қызмет жөніндегі жұмыс тобы құрылды (2017 ж.)

2019 жылы Орталық сот сараптамасы саласындағы әлемдегі жетекші қауымдастықтардың бірі болып саналатын және қауымдастық елдерімен тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін Сот сараптамасының азиялық қауымдастығына қосылды (Asian Forensic Science Network).

Көпжақты ынтымақтастық

Екіжақты ынтымақтастық

Back to top button