Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК өкілдері есірткінің криминалистикалық сараптамасы саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша Қытай-Орталық Азия семинарына қатысты

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМКК өкілдері — ҚР ӘМ Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаментінің директоры Тленчиев А.Т., ССО сот сарапшысы Шарипов Р.С. және Астана қ. бойынша ССИ директорының орынбасары Урмантаев А.Т. Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚЖБ) тарапынан Ауғанстан, Орталық Азия, Иран және Пәкістан елдері үшін Қытай Халық Республикасының Ұлттық есірткіге қарсы күрес комиссиясының басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған есірткі заттарына қатысты криминалистикалық сараптама саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне арналған Қытай–Орталық Азия семинарына қатысты.

Іс-шара Орталық Азия елдерінде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын, соның ішінде жаңа синтетикалық есірткілерді сот-сараптамалық зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған.

Семинар барысында есірткі заттарын анықтау, сәйкестендіру, талдау және профилирлеудің озық әдістері, сондай-ақ тұрақты зертханааралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

Қазақстандық делегация өкілдері қатысушыларды ұлттық бақылау жүйесімен, Сот сараптамалары орталығының сот-криминалистикалық және талдамалық әлеуетімен, зерттеу және профилактика әдістерімен, сондай-ақ осы саладағы қызметтің тиімділігін және халықаралық өзара іс-қимылды арттыруға бағытталған ұсыныстарымен таныстырды.

Back to top button