Жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері студенттерге семинар өткізді

ҚР ӘМ аппарат басшысының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 31н бұйрығымен бекітілген ҚР ӘМ 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі іс – шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында Орталық қызметкерлері орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында “сыбайлас жемқорлық-ауру, оған қарсы күрес-біздің парызымыз”тақырыбында семинарлар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – оқушыларға әділдік, адалдық және парасаттылық қасиеттерін дарыту, сондай-ақ патриоттық сезімді қалыптастыру және дамыту.

31.05.2022 жылы орталық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Нугманов Рахметулла Танатович Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің “техникалық колледж” МКҚК студенттеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында қазақ тілінде дәріс оқып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың негізгі талаптарымен таныстырды.

“Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы” РМҚК қызметкерлерімен дәріс оқу семинары сияқты ақпарат беру нысаны таңдалғаны кездейсоқ емес. Өйткені, студенттік аудиторияда дәріс оқу кез келген салалық ғылымды зерделеу мен білім берудің негізі, іргетасы болып қала бермек. Бұл дәріскердің сөзі, оның тірі сөзі студентке сыбайлас жемқорлықтың кез-келген формалары мен көріністерін жасағаны үшін жауапкершілік туралы жақсы ақпарат бере алады, оған саналы түрде ымырасыздықты оятып, осы мәселеде тұрақты азаматтық ұстанымды қалыптастыра алады.

Back to top button