Жаңалықтар

Әділет министрі Азамат Есқараев жұмыс сапарымен Атырау қаласына келді

2024 жылдың 14 наурызында Әділет министрі Азамат Есқараевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында Атырау қаласының Сот сараптамалары институтына барды. Сапар барысында Министр Институттың жұмысымен танысты, сондай-ақ ғимараттың жағдайы мен техникалық жабдықтардың жай-күйін бағалады.
«Сот сараптамаларының сапасы қоғамдағы әділеттілік пен заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады», – деді министр.
Өз кезегінде Әділет министрі Атырау облысы бойынша Сот сараптамасы орталығының басшылығына бірқатар тапсырмалар берді.

Back to top button