2-8 қыркүйек аралығындағы “Отбасы күнін” мерекелеуге арналған аптаның тиімділігі
Елімізде жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде “Отбасы күні” атап өтіледі.
Биыл 2-8 қыркүйек аралығындағы “Отбасы күнін” мерекелеуге арналған аптаның тиімділігі мен ауқымын арттыру үшін оны жекелеген тақырыптық бағыттар бойынша өткізу ұсынылды. А.ж. 05 қыркүйегінде ҚР Әділет Министрлігі қызметшілері «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК қызметшілерімен бірлесе отырып Астана қаласындағы «Қорғау» дағдарыс орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, кішкентай тұрғындары үшін кеңсе тауарларын т.б. қажетті заттарды сыйлыққа ұсынды.
Орталықтың мақсаты отбасында қиындықтар көрген әйелдер мен балаларға қамқор болу, оларға уақытша баспана ұсыну. Дағдарыс орталығында тегін психолог пен заңгер көмегі қарастырылған.