Астана қаласының Cот сараптамалары институтында ғылыми-практикалық семинар өтті
024 жылдың 27-28 наурызында Астана қаласының сот сараптамалары институтының базасында сот-сараптамалық бухгалтерлік және қаржылық-бюджеттік зерттеулерді тағайындау және жүргізу кезіндегі проблемалық мәселелерге арналған ғылыми-практикалық семинар өтті.
Аталған іс – шараның мақсаты бюджетке есептелуге және төленуге жататын корпоративтік табыс салығы мен қосылған құнға салынатын салықтың мөлшерін белгілеуге қатысты, сондай-ақ қоймада, сауда орындарында тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігін анықтау бойынша мәселелерді шешуде бірыңғай тәсілдерді әзірлеу болды.
Семинарда сот-сараптама практикасының өзекті аспектілері талқыланды. Сонымен қатар күрделі жағдайлар талданып, практикалық шешімдер ұсынылды. Бұл шара қатысушылардың өзара тәжірибе алмасып, тақырыпты тереңірек түсінуге және кәсіби деңгейдің жоғарылауына ықпал етті.
Семинар соңында барлық қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, сот сараптамасын дамытуда қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.