Жаңалықтар

Бурабай ауданының әкімдігі Бурабай ауданаралық бөлімшесінің сот-медициналық сарапшысы үшін қызметтік тұрғын үй бөлді

Бурабай ауданаралық бөлімшесінің сот-медициналық сарапшысы үшін пәтер (қызметтік тұрғын үй) бөлу жөніндегі ақпарат
Ақмола облысы ССИ бойынша

28.06.2024 жылы Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі ССИ директоры А.Е. Нұржановтың өтініші бойынша Щучинск қаласында Бурабай ауданаралық бөлімшесінің сот-медициналық сарапшысы үшін жаңа көппәтерлі үйде қызметтік тұрғын үй (екі бөлмелі пәтер) бөлді.
Осылайша, Бурабай ауданаралық бөлімшесінің толыққанды жұмыс істеуі іске асырылатын болады, онда мәйіттерге, жәбірленушілерге, күдіктілерге және басқа да адамдарға сот-медициналық сараптамалар жүргізілетін болады, Бурабай, Бұланды аудандарының және Біржан Сал атындағы ауданның тұрғындары мен құқық қорғау органдары үшін сот-медициналық сараптамалар жүргізудің проблемалық мәселесі шешіледі.
​Ақмола облысы бойынша ССИ басшылығы Бурабай ауданы әкімдігіне әкім А.Садықовтың атынан қызметтік тұрғын үй бөлу мәселесін шешуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Back to top button