Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2022 жылғы 30 наурызда бейне конференция форматында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Сот сараптамасы орталығынан отырыс жұмысына директордың орынбасары Нұғманов Рахметолла Таңатұлы қатысты.

Талқылаудың басты тақырыптарының бірі Сот сараптамалары орталығының 2021 жылғы қызметінің нәтижелері болды.

Р.Т. Нұғманов кәсіби және сараптамалық қоғамдастық өкілдеріне Орталықтың 2021 жылғы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Баяндамада сот сараптамаларын жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың, құқық қорғау органдары мен соттардың сот сараптамасы органдарына әртүрлі мәселелер бойынша өтініштерін талдау, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту, сондай-ақ сот сарапшысының әлеуметтік мәртебесін арттыру мәселелері қозғалды.

Сот-сараптамасы саласын одан әрі жетілдіру мақсатында Қоғамдық кеңес мүшелері отырыс хаттамасында көрініс тапқан ұсынымдарды ұсынды.

Back to top button