Мемлекеттік және жеке сарапшылар бірігуде
Сот сараптамалары орталығы және Республикалық сот сарапшылар палатасы:
1) Сот-сараптама қызметі саласындағы ғылыми-әдістемелік және білім беруді жетілдіру;
2) Ғылыми-зерттеу және сараптама қызметі саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту;
3) Сот-сараптама қызметі саласындағы бәсекелес ортаны дамыту;
4) Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жолымен жеке сот сарапшыларының өндірісіне беру үшін Орталықтың филиалдарына тағайындалатын сараптамалар тізбесін дәйекті кеңейту және Орталықтың жекелеген аумақтық бөлімшелерінде сот сараптамаларын жүргізуді бәсекелестік ортаға толық беру практикасын жалғастыру.
5) Сарапшыларға сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензиялар алу үшін жағдайлар жасау;
6) Сот-сараптама қызметі саласындағы ақпараттық жүйелер мен бағдарламаларды енгізу, қызмет көрсету және іске асыру саласындағы ынтымақтастық;
7) Сот сараптамаларын ғылыми-әдістемелік, зерттеушілік қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясындағы қызметті үйлестіру;
8) Тараптар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық факторларын азайту;
9) Тараптардың мүдделері үшін сот-сараптама қызметін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау мақсатында бірлесіп әрекет етуге ниет білдіреді.
Бұл ниетін тараптар 2021 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылған Меморандумда бекітті.
Осыған орай Тараптар теңдік пен өзара тиімділік негізінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы бірлескен қызметті нығайтады, дамытады және көмектеседі.