ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының сот-медициналық мәселелері жөніндегі орынбасары бос лауазымына конкурс жариялайды.
Аумақтық бөлімше директорының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: жоғары медициналық білімі, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына арналған біліктілік куәлігінің болуы, сот сараптамасы органдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі, Қазақстан Республикасы заңнамасын сот-сараптама қызметі саласында білу, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2026 жылғы 24 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Ескерту: іріктеуге ішкі кадр резервіндегі үміткерлер қатысуға жіберіледі.