ЖаңалықтарМақалалар

«Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу –міндет»

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 11 ақпандағы №31н бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау мақсатында. күні Орталық қызметкерлері орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық – дерт, онымен күресу –міндет» тақырыбында семинарлар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – студенттердің бойында әділдік, адалдық, инабаттылық қасиеттерін сіңіру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және дамыту.

01.06.2022 ж. күні Орталық директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Мұқашев Нұрбек Халимжанұлы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Техникалық колледжінің” МКҚК студенттеріне сыбайлас жемқорлықтың барлық деңгейдегі кез келген нысандары мен көріністеріне қарсы күрес және ымырасыз көзқарас тақырыбында орыс тілінде дәріс оқыды.

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК қызметкерлерінің семинар өткізіп, дәріс оқу түріндегі ақпарат берудің мұндай түрін таңдауы кездейсоқ емес. Студенттік аудиторияда дәріс оқу кез келген ғылым саласын оқыту мен зерттеудің ірге тасы мен негізі болып қала бермек. Дәріс берушінің тірі сөзі – студентке сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандары мен көріністерін жасағаны үшін жауапкершілік туралы ақпаратты жақсы жеткізе алатын, оның бойында оған деген саналы ымырасыздықты оятып, осы мәселеге қатысты берік азаматтық ұстанымды қалыптастырады.

Back to top button