Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары институтын қайта аккредиттеу

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сынақ зертханасы 2021 жылы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» сәйкестігі үшін қайта аккредиттеуден сәтті өтті. Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директорының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 842-ОД бұйрығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сот сараптамалары Институты сынақ зертханасының 2021-2025 жылдарға арналған аккредиттеу куәлігі қайта рәсімделді. Қазіргі уақытта Институт сот сараптамасының бес бағыты бойынша аккредиттелген және алдағы жылдары басқа салаларда аккредиттеу аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Back to top button