Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысы өтті»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысында ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының директоры Руслан Сатывалдеев «Сот сараптамасы органы қызметкерлерінің және лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын сот сарапшыларының (жеке сот сарапшылары) қайтыс болуының медициналық куәліктерін жазып беру» тақырыбында баяндама жасады. Ол құқықтық салдарға әсер етуі мүмкін қателіктерді болдырмауда сот сарапшыларының рөлін атай отырып, осы куәліктерді ресімдеу кезінде дәлдік пен стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру және осы саладағы жұмыс сапасын бақылауды жақсарту қажеттігі талқыланды.
Бұдан басқа, жеке сот сарапшыларының өлім туралы медициналық куәліктерді тек мәйітті тексеру негізінде ғана жазып беру практикасын алып тастау ұсынылды, себебі қолда бар теріс практика өлім себептері бойынша шынайы көріністі бұрмалап қана қоймай, оған толыққанды талдау жүргізуге және оны қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Соңында Руслан Құсайынұлы Сатывалдеев қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті жазып берудің сапасын бақылау бойынша бірлескен жұмысты бастауды ұсынды.

 

 

Back to top button